Шуағын төккен Шымқала

Шымкент қаласының 2200 жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Шуағын төккен Шымқала» өлкетану кеші Шымкент қаласының күніне орайластырылды. Рухани шараға Халықаралық Физули сыйлығының иегері, ақын Құрал Көмек, балалар ақыны Дәркен Танабаев шақырылды. Кеш қонақтары Шымқала туралы әңгімелеп, арнау өлеңдерін оқыды, оқырман сұрақтарына жауап берді.

«Сырлы сөз» көркемсөз үйірмесінің мүшелері «Шырайлым, Шымкентім» әдеби композиция дайындап, Шымкент қаласының көрікті жерлері, ұлы тұлғалары мен көркем табиғаты туралы сыр шертті. «Тарихы терең Шымкент» атты бейнефильмнің көрсетілімі, «Мақтанышым мекенім» викториналық ойындар ұйымдастырылды.

«Артқа