Шымкентті сүйген жан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, сәулетші, режиссер, ақын Бақытжан Әшірбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Шымкентті сүйген жан» атты тікелей эфирде сұқбат өтті. «Шымкент қаласы сәулетшілер қауымдастығы» қоғамының төрағасы, сәулетші Асқар Мамырбаев, бауыры Бауыржан Әшірбаев мерейгердің өмірі мен жемісті еңбектері, Шымкент қаласының өркендеуіне қосқан үлесі жайында әңгіме өрбітті.

Әлеуметтік желі қолданушылары қонақтарға сұрақтар қойып, ой-пікірлерін, лебіздерін жіберіп, қажетті ақпараттармен қанықты.

«Артқа