Шымқала – бақыт мекені

Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында, 1 маусым- Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай «Шымқала – бақыт мекені» тақырыбында мерекелік кеш, «Туған өлкем – қандай көркем» тақырыбымен «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқауы өтті. Іс-шараға қонақтары мен қала тұрғындары, балалар мен жасөспірімдер, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің, «Нұрсәт» өнер мектебінің, №47, 64 мектеп оқушылары қатысты.

Байқауға кітапхана директоры Ж.Саугамбаева, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директор орынбасары Г.Байжанқызы, «Балалар көркемсурет мектебі» ЮНЕСКО клубының мұғалімі Д.Такенбаев қазылық жасады.

І орын – Ш.Алибай («Қаратау» дәстүрлі өнер мектебі), ІІ орын – Ж.Муслим («Нұрсәт» өнер мектебі), Б.Сапарбаев (№47 мектеп-гимназия), ІІІ орын – А.Нұралы, А.Гасанов («Қаратау» дәстүрлі өнер мектебі) иеленіп грамота, сыйлықтармен марапатталды.

«Артқа