Шығыстың қыраны

Кітапханада Қазақстан Республикасының экономикасы, ғылым мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Шығыстың қыраны» атты портрет кеші өтті. Қазақстан тарихында өз орны бар Ж.Шаяхметовтің өмірі мен қызметі, атқарған еңбектері туралы «Алматинские истории: Шаяхметовы – летопись династии» атты бейнефильм көрсетіліп, мол ақпарат берілді. Іс-шара қонақтары: «Қарулы күштер ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник С.М.Онбаев; ОҚМПУ доценті, т.ғ.к. Қ.С.Анарбаев мемлекет қайраткері Ж.Шаяхметов туралы тарихи тың деректерден тағылымды әңгіме өрбітіп, пікірлерімен бөлісті. Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің өнерлі жастары патриоттық ән-күйлерін орындап, кештің шырайын кіргізді. «Шығыстың қыраны» атты кітап және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалары және фотосуреттермен көркемделген кітап көрмесінен мол мағлұмат алған жастар рухани сусындап тарқады.

«Артқа