Шәмші әлеміне саяхат

Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шәмші әлеміне саяхат» онлайн сазды сағат өтті. Биыл сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай Қазақстанның түпкір-түпкірінде онлайн шаралар өтуде. Халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мәдениетіндегі Шәмші Қалдаяқовтың алатын орны орасан екені – ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитордың әндері көрермендерге жол тартты. Кітапханашылар Т.Имантаева мен Қ.Елекеева бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген әндерді орындап, Шәмшнің ән әлеміне сапар шекті.

«Артқа