Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Халықаралық қарттар күніне орай «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты өнегелік сағат «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» жастарымен өтті. Шараға құрметті ұстаз, №5 колледжінің қабырғасын қалаған, СССР-ге Еңбегі сіңген өнертапқыш, «Еңбек», «Қызыл ту» орденінің иегері, Тыл ардагері 84 жастағы Пернееев Жамалбек атамыз қатысып, еңбек жолындағы жеткен жетістіктері, өмір арнасындағы алған тәлім-тағылымы туралы айтып, жастар тәрбиесі жайында әңгімеледі. Белсенді оқырмандар мен кітапханашылар, аға буынға деген құрметін жүректі тебіренткен жырлар оқып, сазды әндермен жеткізді.

«Артқа