Ғарышты бағындырған батырлар

Ғарышкерлер күніне орайластырылған «Ғарышты бағындырған батырлар» көркемсуретті кітап көрмесіне 60 жыл бұрын ғарыш кеңістігіне алғашқы ұшқан Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин, қазақстандық ғарышкерлер, Халық Қаһармандары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы жазылған кітаптар, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды. Оқырмандар Космонавтика мен ракеталық техниканың негізін салушы ғалымдар К.Э.Циолковский, С.П.Королевтың зерттеу еңбектерімен, қазақ жерінде орналасқан ең алғашқы «Байқоңыр» ғарыштық кешені жайлы ақпараттарға қанықты.

«Артқа