Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ» атты түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік кеші өтті. Кеш қонақтары: «Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Сайма Нажиповна; «Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының мүшесі Найля Магсумовна; «Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының мүшесі И. Нусратуллаева; «Алтын ана» төсбелгісінің иегері О.Қанаева; Корей ұлтының өкілі Ким Элла және өзбек драма театрының әртістері Заббарханов, Ибрагимжанова Дильфуза қазақ еліне ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Мерекелік шарада корей ұлтының өнерлі отбасы Пак Александр, Пак Борис, Ким Виктория «Тихая ночь», «Көзімнің қарасы» музыкалық композиция ұсынса, Мұхамедәлі Бейбарыс «Көңіл толқыны», «Адай» күйлерін тарту етті. ЖОО студенттері «Береке бастауы бірлік» атты бірнеше тілде әдеби-композициялық қойылым көрсетті. Жас әнші Арыстанбай Нұрғиса патриоттық «Қазақстан» әнін орындаса, Бақытжанқызы Аяулым «Жақсы адамдарым» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы кешті қорытындылап, қонақтарға алғыс тілектерін айтып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

«Артқа