Қазақтың нұры – Абайдың жолы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша ұйымдастырылған.

«Қазақтың нұры – Абайдың жолы» атты байқауының қорытынды кеші өтті. Жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын оқу арқылы ата-бабамыздың ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен, қазақтың атын әлемге танытқан қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мұраларын жастарының санасына сіңіріп, ұлттық құндылығымыз кітапты кеңінен насихаттауға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 14-23 жас аралығындағы 15 үміткер қатысты.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқа мазмұнын ашып, Абай Құнанбайұлының бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқып бейнеролик түсірді. Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған, көп дауыс жинаған оқырмандар жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазылар алқасы жұмыстың сапасы мен жиналған лүпіл санына мән беріп жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысы Үсен Аружан иеленді. Ал, бірінші орынды №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының 8 «г» сынып оқушылары Алдиярова Ұлболсын, екінші орынды Алтынбек Арайлым еншіледі. Үшінші орын А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 9 «а» сынып оқушысы Асланбек Ернұрға бұйырды. Жеңімпаздар кітапхана атынан Алғыс хат, сыйлықтарға ие болды.

«Артқа