Қазақтың қос батыры

Кітапхана өскелең ұрпақ бойына патриотизм сезімін дарытуға, ел намысы мен абыройын қорғауға дайын болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу мақсатында Кеңес Одағының батырлары Сабыр Рахымовтың – 120 жыл, Тоғанбай Қауынбаевтың – 100 жылдық мерейтой күніне орайластырып «Қазақтың қос батыры» атты еске алу кешін өткізді. Аты аңызға айналған халық батырларын еске алуға «Қауынбаев» қорының төрағасы М.Үкібаев; «С.Рахымов» қорының төрағасы А.Мақұлбаев және батырдың жақын-жандары мен туыстары қатысты. Батырларды еске түсіріп, бір минут үнсіздікпен тағзым етіліп, қос батырдың өмір жолдарынан алынған қысқаша деректі фильм ұсынылып, С.Рахымов пен Т.Қауынбаевтың өмір жолдары, соғыс шайқасындағы қайтпас қайсарлығы, батылдығы, табандылықтары жайында естелік әңгімелер айтылып, №10 ЖОББМ-нің оқушылары «Ержүрек батырлар» атты әдеби-композициясын тарту етті.

«Артқа