Қазақ деп соққан жүрегі

«Қазақ деп соққан жүрегі» тарихи кеш Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай өтті. Тарихи кеш №25 мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылып, ұлт мүддесі жолында өз жанын аямаған Алаштың арысы Тұрар Рысқұловтың еңбектері насихатталды. Жасөспірмдердің патриоттық, рухани-адамгершілік сезімдерін дамыту, Тұрар тұлғасын таныту мақсатында Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан сахналандырылған көріністер қойып, Тұрар рухына арналған өлеңдері оқылды. Бейнефильм арқылы да жас жеткіншектер Тұрар Рысқұлов туралы көп мәліметке қанықты.

«Артқа