Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали

«Адалдық алаңы» жобасы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали» атты әдеби-жыр кешінің өткізілді. Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі – мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері – өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық. Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі қандай сыйға болса да лайық дегіміз келеді.

Әдеби-жыр кеште Мұқағали өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Осы кеште К.Зұлпыхарова және Р.Сейдалиева ақын өлеңдерін айтып көпшілікті тамсандырды.

«Артқа