Қазақ театрының атасы

Театр өнерінің негізін салушы Ж. Шаниннің туғанына – 130 жыл. Осыған орай, кітапханамызда «Қазақ театрының атасы» тақырыбында арт-сағаты өтті. «Театрдың туын тіккен тарланбоз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қайран ғұмыр» бейнеролигі көрсетілді.Кеш қонақтары Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының майталмандары ҚР Мәдениет қайраткерлері, танымал актер – Еркін Шымырқұлов пен драматург – Сая Қасымбек Шаниннің өмірі мен шығармашылығы жайында әңгіме өрбітіп, театр өнерінің қыр-сыры жайында сыр шертіп, театр ішіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.Саксофоншы Мұрат Жаңбыров «Күзгі леп» музыкалық композиция ұсынды. М.Әуезов атындағы ОҚУ «Театр және эстрадалық» шығармашылық кафедрасының, Орталық Азия инновациялық университетінің студенттері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толықтай жауап алып, қуанышты көңілмен қайтты.

«Артқа