Қазақ өнерінің серкесі

Актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына «Қазақ өнерінің серкесі» атты өнер сағаты Т.О. №5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті. Кешке орталық демалушылары қатысып, С.Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқылған «Өмір мен өнер» атты баяндаманы мұқият тыңдап, қызығушылық танытты. Сонымен қатар, экраннан актердің түскен «Амангелді», «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Абай әндері», «Алдар көсе» т.б. фильмдерден үзінді көрсетілді. Кітапханашы Қ.Елекеева орталық демалушыларына «Алғыс», «Ақсұңқарым» әнін арнайы шырқап көңіл күйлерін көтерді. Кеш соңында «Қазағымның Серәлісі» атты викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар марапатталды.

«Артқа