Қазыналы – 45 жыл

2023 жыл Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасына 45 жыл! Кітапханамыздың мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген мерейлі мерекеге орай, кітапхана бөлімдерінің арасынан «Қазыналы – 45 жыл» аттыкөрме-инсталляция жасақтаудан байқау өткізді. Әрбір бөлім дайындаған көрмелеріне тақырып беріп, қорғап шықты. «Кітапхана қазыналы арал», «Рухани орда», «Рух айдынындағы-45 жыл», «Кітапхана оқырман жүрегінде», «Мерейлі-45» тақырыбында көркемделген кітап көрме-инсталляциясын қазылар алқасына таныстырып, ұсыныс пікірлерін, тұшымды идеяларын ортаға салды. Жасақтаған көрмелер арқылы рухани орданың тарихына көз жүгіртіп, ішкі әлемін сөйлете білді. Кітапхана директоры Р.Бабажанқызы қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға беріп, бұл байқауда кітапханашылардың достығы жеңді деп атап өтіп, оө тарапынан сый-сыяпатын жасады.

«Артқа