Қара сөзден қағанат тұрғызған

Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай «Қазақ даласының әр тасы – қағбан, әр бұтасы сәждам» – кітап көрмесі көркемделіп, «Қара сөзден қағанат тұрғызған» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Парасат», «Сайрам» медициналық колледжінің студенттері қатысып, жыл кітабына таңдалған «Аңыздың ақыры», «Үркер» тарихи романы, «Дала балладалары» өлеңдер жинағы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар алып, құнды кітаптарымен танысты.

Әбіш Кекілбаевтың жазушылық өнерінде проза мен поэзиясын қатар оқу арқылы оқырман жаңа көзқарас қалыптастырып, шығармалары бүгінгі және келешек буыннан зерделеу мен насихатты талап ететін мұралар деген пайым-дарын айтты. Бөлім меңгерушісі Ұ.Бексеитова Әбіш шығармаларының көркемдік қуаты туралы әңгімеледі.

«Артқа