Қасіретті жылдар тағылымы

Кітапханамызда «Қасіретті жылдар тағылымы» тақырыбында «№5 жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі студенттерінің қатысуымен тарихи-танымдық шарасы өткізілді. Тарихтың ащы беттерінен сыр шертетін «Зұлмат жылдар» атты бейнебаян ұсынылды. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағына қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын зұлмат күндер туралы баяндамасын кітапхана қызметкері Н.Сейдахметова әсерлі, зерлі таныстырып өтті. Колледж студенттері сол кезеңдегі қарапайым халықтың күйзелісі жайында сыр шертетін жырларын ұсынып, тарих туралы өз ойларымен бөліссе, Саз колледжінің студенті – Жансая Кемелбекова домбырасымен «Қазағым-ай» дәстүрлі әнін тарту етті.

«Артқа