Қасірет құрсауындағы отты жылдар

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Қасірет құрсауындағы отты жылдар» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары ардагер жауынгер Нұрлан Османов, Халықберді Құрбанов сол бір қаһарлы күндер туралы әңгіме тарқатты. Ауғанстанда халықаралық борышын орындаған қазақ әскерлері батылдықпен күресіп, ұрыста ержүректілік танытқанын еске алды. Өнерлі де, талантты жастар Серкебай Досымжан, Есболат Ерлан, Тұрған Бекарыс, Айбек Ергашев, Тәңірберген Шәкәрім, Бақнұр Темірханов өлеңдер оқыды, күй шертіліп әндер шырқалды.

Кітапхана директоры З.Парымбекова кешті қорытындылап, ерлік пен батылдықтың белгісі орден-медальдері кеудесінде жарқыраған ардагер ағаларға алғысын білдірді.

«Артқа