Қиялы қияндағы жазушы

Кітапханада бүгінгі күнге емес, болашаққа қызмет ететін жанрды жандандырып, қазақтың «Жюль Верні» атанған фантаст жазушы, академик Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі «Қиялы қияндағы жазушы» атты кештің басты кейіпкері – Сарманбай Исақтың 70 жасқа толған мерейтойы тойланды. Кешке жазушының замандастары Қ.Төретай, З.Қыстаубай, М.Мұхтарқызы, қалалық мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, Шымкент қаласы «Саз» колледжінің студенттері А.Болатбек, З.Игібай әуелетіп терме орындады. Кеш барысында С.Исақтың шығармашылығы, өмірдерегі, жалпы фантастика жанры жайлы сөз қозғалды. Кешке жиналған оқырман қауым арнайы таратылған парақшаларға автордың келесі шығармасынан көргісі келетін фантастикалық құбылыстарды жазып, тақтайшаға жабыстырды. Автор өз кезегінде оқырман қиялынан шыққан тақырыптар келесі шығармаға арқау болуы әбден мүмкін екенін жеткізді.

«Артқа