Қос жазушы – қос тұлға

Кітапхана қызметкерлеріқазақтың көрнекті жазушылары Ғ.Мұстафин мен Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай, «Қос жазушы – қос тұлға» тақырыбында кітап көрмесін жасақтап, №76 Р.Мырзашев орта мектебінің түлектеріне танымдық әдеби кешін өткізіп қайтты. Қос жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында қысқаша мәліметтерден жинақталған «Қос жазушы ізімен» атты бейнефильм көрсетілді. Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романдарынан оқушылар дайындаған көріністер ұсынылып, қос жазушыға арналып өлеңдер оқылды. Кеш соңында өнерлерін паш еткен балалар алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа