Қызықты көңіл, студенттік өмір!

Кітапхана ауласында 17 қараша – Халықаралық студенттер күні мерекесіне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» мерекелік шарасы өтті. Шым шаhарының жалынды студенттері үшін «Мен жастарға сенемін!» атты фото-көрмесі ұйымдастырылып, түрлі гуманитарлық бағыттағы викториналық ойындар ойнатылды. Көңілді концерттік бағдарламалар ұсынылып, белсене қатысып отырған жастарға мерекелік сыйлықтар табысталды.Қатысушы студенттер алға қойған бес жыл көлемінде орындалатын арман-мақсаттарын «Сен адамсың, өзіндік тұлғасың!» тақырыбында жасалған уақыт капсуласына жазып, қалдырды. Уақыт капсуласын 2027 жылдың 17 қараша күні тағы жолығуға келісім жасап, өздері ашылу салтанатын жасауға уәделерін берді.

«Артқа