Қылқалам ұшындағы құдірет

Кәсіби суретші, сұңғатшы-монументалист Ұзақбай Сейфулдаұлының туғанына 75 жыл толуына орай кітапханада «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты №41 А.С.Макаренко атындағы мектеп – лицейінің оқушыларының қатысуымен өнер сағаты өтті. Қатысушылардың назарына «Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді» атты кітап көрмесі таныстырылып, суретшінің өмір тарихынан толық мағлұмат беретін «Ұзақбайдың өнердегі мәңгілік жолы…» атты бейнеролик көрсетілді. 1000-ға тарта тұщымды туындылары мен 100-ге жуық елеулі еңбектері туралы, қылқаламның сиқырға толы қырларын тереңірек түсінуге тырысты.

«Артқа