Құрал Көмек

Халықаралық «Физули» сыйлығының иегері, ақын Құрал Көмекпен онлайн-сұхбат тікелей эфирде көрсетілді. «Ай туып келеді», «Бөрілерге гипотеза», жыр жинақтары және балаларға арналған «Бағдаршам» кітабының, «Мен – даланың ұлымын» поэмасының авторы. «Бөрілерге гипотеза» жыр жинақтары арабшаға, «Мен – даланың ұлымын» поэмасы ағылшын, түрік және орыс тілдеріне аударылған. Кітапхана қонағы өлеңдерін оқып, көрермендерге рухани азық тарту етті. Танымал ақын кітапханашылар дайындаған сұрақтарға, оқырмандардың сауалдарына ықыласпен жауап берді.

Facebook оқырмандары ақын сұхбатын сүйсіне тыңдап, керемет пікірлерін білдірді.

«Артқа