Үлгілі отбасы – ел мерейі

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Арбат» демалыс аймағында қала тұрғындары үшін Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Іс-шараға кітапхана қорынан «Үлгілі отбасы – ел мерейі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, отбасы құндылықтары тақырыбында жазылған кітаптарды оқырмандарға насихаттап,кітапханаға кітап оқуға шақырды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Оразбаевтар әулеті отбасымен іс-шара қонағы болып, өз өнерлерін ортаға салды. Ұлдары: Әбдіқалық Алихан мен Алинұр каратэ спорт түрінен түрлі әдістерді ұсынса, қызы Әбдіқалық Айсана домбырамен күй шертіп, анасы Уралбаева Жанар «Аманат» әнін әуелетіп саябақ демалушыларына тарту етті.

«Артқа