Үміт үзбе

Тәңір барда тағдырды күшті деме,
Жеңілме, үміт үзбе,
Үміт үзбе, үміт үзбе.

Еркебұлан Кенехан


Халыққа кеңінен танымал «Ұяң қыз», «Жұбатуға арналады бұл әнім», «Жүрегіме теңеймін», «Шіркін-ай», «Биімнің аты шалала», «Қайда-қайда?» т.б. әндердің мәтінін жазған ақын Еркебұлан Кенеханның «Үміт үзбе» атты еркін форматтағы поэзия кеші өтті.

Іс-шара қонақтары композитор Алмас Мұхтарұлы, Асылжан Түзелбек, ақын Жамал Жүрсінбек кеш кейіпкері туралы сүбелі әңгімелер айтып, әуезді әндерін шырқап, ыстық лебіздерін білдірді.

Кеш барысында Еркебұлан Кенехан өзінің сан түрлі тақырыпта жазылған өлеңдерін оқып, студент жастармен ерекше эстетикалық әсерге бөлейтін шығармашылық сұхбат өрбітіп, пікір алмасты.

Музыканттардан құрылған вокалды аспаптар ансамблінің әншілері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің ажарын кіргізді.

«Артқа