Үнсіздіктің үнін тыңдап…

«Қазақтығым,
Қанатты рух – әлемім».

Құрал Көмек


Ақын, Халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмектің 65 жас мерейтойына орай «Үнсіздіктің үнін тыңдап…» атты шығармашылық кеш өтті.

Кешке ақын А.Наурыз, Ә.Дүлдүл, отставкадағы полковник С.Оңбаев, полковник Т.Кенжебаев, көркем сөз оқу шебері Г.Әбуова, №51 ЖОББМ директоры Н.Шырынбеков тағы басқа зиялы қауым өкілдері, ақын сыныптастары мен Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ, Ж.Тәшенов университеті, ОАИУ, ШУ филология студенттері мен Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицей, №51 мектеп оқушылары қатысты.

«Мен – даланың ұлымын» поэмасы композициясымен ашылған кеште студенттер мен оқушылар ақынның лирикалық, рухты жырларын жүрекке жеткізе оқыса, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ студенті А.Сапардың «Жүрегімде жүрсің сен» әні оқырмандарды бір серпілтіп тастады. Осы аталмыш оқу орнының студенті Н.Сералиев өз өлеңін оқып, кеш иесі ақынның ақ батасын алды.

«Өмірді өлеңмен оятқан ақын» Құрал Көмектің дүние қабылдау, образ түзу, сөз бен сезімді қамту ерекшілігі зор, жырларында ақиқатты, ұлттық рухты мұрат тұтады. Образ жасау табиғаты ақын талантын ашатындай,-дейді сөз алған ақынның замандастары.

Сыныптас дос – жарандары ақынның балалық шақтағы қызықты естеліктерімен бөлісті.

«Артқа