Ұлттар достығы – ұлы мұрат

Биыл 2022 жыл Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылына орай «Ұлттар достығы – ұлы мұрат» атты корей ұлтының өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара өтті. Мерекелік кеште екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен Корей ұлтының мәдениеті мен даму тарихы жайында сөз қозғалып, арнайы бейнеролик ұсынылды. Кеш қонақтары өнерлі кореялық отбасы Ким Виктория Робертовна, Пак Александр Борисович, Пак Борис Борисович корей әндерінен тарту етсе, Орталық Азия инновациялық университеті студенті Ермаханбетқызы Арайлым корей ақыны Mun Jonhi «My love» өлеңін мәнерлеп орындап берді.

А.Байтұрсынов атындағы №50 орта мектептің оқушылары корей ақыны Ким Гвануктың туындысының орысша аудармасынан әдеби-композиция ұсынса, кеш қонақтары қонақ кәде ретінде түрлі аспаптардан музыкалық-композиция ұсынды.

«Артқа