Ұлттық рух. Тарих. Таным.

«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды».

М.Шоқай


«Жүректен қозғайық…» айдары аясында тарихшы, магистр Есбол Асылбековпен «Ұлттық рух. Тарих. Таным.» тақырыбында онлайн-сұхбат өткізілді.

Тамыры тереңде жатқан ұлы тарих көші Ежелгі Сақ дәуірінен басталған 6-8 ғасырлардағы Түрік Қағанаты, Алтын Орда, Ақ Орда, Керей, Жәнібек хандар іргесін қалаған Қазақ хандығы – Қазақ мемлекетінің бастауы болғаны, ХХ-шы ғасыр басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы негізін қалаған «Алаш» партиясының идеясымен жалғасып, Алаш реформаторларының «Оян Қазақ» деп ұлттық рухты көтере келгені тарихшы маман көзімен зерделенді.

«Қазақтар қалай орыстандырылды» деген мәселе бойынша кириллица әрпіне қалай көшкені тұрғысында, Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы байланыс «Шежіре» еңбектеріндегі кей қарама-қайшы пікірлерді нақты дерек, дәйектермен саралады.

Т.Әбдіктің прозалық туындылары, Кенесары хан тұлғасы мен әулеті бойынша да қызықты ой өрбітіп, Ұлттық рух өз тарихың мен әдебиетіңді танумен қалыптасатыны, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін әлі де толықтыру, зерттеп зерделеу міндеті тұрғаны ерекшелей атап өткен тарихшы маманның тағылымды ойлары оқырмандарға тың серпін сыйлады.

«Артқа