Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» сыр-сұхбат алаңы өтті. Сыр-сұхбат кешіне Дизайнерлер одағының және Суретшілер одағының мүшесі, қолөнер шебері, зергер. Ақын рахымбек Сейітұлы Бердімбет, қолөнер шебері Башабаева Балқия, көркемдеуші, көптеген байқаулардың жеңімпазы Башабаев Нұрали, «Көрпе фест» фестивалінің жүлдегері, «Асыл мұра» жеке кәсіпкер иесі Телемисова Ұлбосын және «Жеңілөнеркәсіп және сервис» колледжі студенттері қатысты.

Кітап көрмесі көркемделіп, «Өлең мен өнер өмірлік серігім» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітапхана директоры Закира Парымбекова, филолог Жадыра Оразалиева кітаптың тұсауын кесіп, Рахымбек Сейітұлына ақындық жолына ақ жол тіледі. Қазақ өнерін өрлетіп, әлемге танылуына ізгі тілектерін жеткізді.

Оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, кеш қонағы зергерлік пен ақындық жолдың қыр-сырына тоқталып, ұлттық құндылықты ұлықтау өмірлік мұраты екендігінен сыр шертті.

«Артқа