Ұлттың Ұлы ұстазы, ғасыр саңлағы

Кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың Ұлы ұстазы, ғасыр саңлағы» көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау ІІ кезеңнен тұрды.

І кезең «Пайдалан, қажетіңе жараса, Алаш!» (қатысушы А.Байтұрсынұлының кез-келген шығармасын мәнерлеп орындады). ІІ кезең «Алып Бәйтерек» (қатысушы А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығына байланысты ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді). Іс –шара «Саз» колледжінің өнерпаздарының орындауында А.Байтұрсынұлының халық арасында кеңінен тараған «Аққұм» әнімен ашылды. Байқауға он жеті үміткер қатысып, оза шапқан қатысушылар марапатталды.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені «Парасат» колледжінің І-курс студенті – Әбдірахман Жұлдыз еншіледі. Ал, бірінші орын М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің І-курс студенті – Бегалы Бектөреге бұйырса, екінші орынды №106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Ерназар Рамазан, үшінші орынды Политехникалық колледжінің ІІ-курс студенті – Аппаққұл Айым алды. Жүлделі орын иелері мен барлық қатысушылар диплом, алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

«Артқа