Ұлысымның ұйытқысы – Шымқала – 2200

Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласының көрікті жерлерін кеңінен таныстыру, Үшінші мегаполистің мәртебесін асқақтату мақсатында «Ұлысымның ұйытқысы – Шымқала – 2200» онлайн саяхат ұйымдастырылды. Кітапханашылар онлайн-саяхат барысында қаланың өткені мен бүгіні, табиғаттың өзіндік ерекшелігі және тағы басқалары туралы атап өтті.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылармен өткеннің тарихи оқиғалары, мәдени мұрасы, өлкенің табиғи байлықтары туралы ақпаратпен бөлісті. Оқырмандар Шымкент қаласының тарихи тұлғалар мен ескерткіштер, әдебиет, өнер саңлақтары және ғылым қайраткерлері туралы мәліметтермен танысуға мүмкіндік алды.

«Артқа