Ұлы даланың алып жыршысы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында, кітапханада ашылған «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы даланың алып жыршысы» атты Жамбыл оқулары өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ үйірме мүшелері қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері т.ғ.к., доцент, ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев; ақын, журналист Атанбек Наурыз; филолог, магистр Жадыра Оразалиева болды.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды «Жас зерттеушілер» үйірмесінің мүшесі Асан Ақниет, ІІ орынды «Экология ландшафтану» үйірмесінің мүшесі Муратбаева Дана, ІІІ орынды «Жас экскурсовод» үйірмесінің мүшесі Уралбек Бағжан иеленді.

«Артқа