Ұлы даланың рухты ұрпақтары

«Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл», «Семей полигонының жабылуына 30 жыл» толуына орай «Ұлы даланың рухты ұрпақтары» атты еске алу кеші «Нұрсәт» өнер мектебінде өтті. Кешке ақын, Халықаралық «Физули» атындағы сыйлықтың иегері Құрал Көмек, желтоқсаншы Керімхан Дүйсенби, Семей сынақ қоғамдық бірлестігінің ардагері Туранкулов Әбдіраш, әнші-композитор Тәуелсіздік құрдасы Кеңес Ізбасар қатысты.

Іс-шара «Актер шеберлігі және сахна тілі» үйірмесінің оқушыларының «Ерлік жолы» сахналық көрінісінен басталып, «Атамекен» әні хормен орындалды. «Тәуелсіз Қазақтың қызымын», «Земля Казахстана» әндерін орындаған мектеп оқушылары көрермендердің жүрегіне патриоттық рух ұялатты. «Нұрсәт» өнер мектебінің оқушылары ән, би өнерімен кеш қонақтарын тәнті етті. Кеш қонақтары «Желтоқсан оқиғасы», «Полигон зардаптары» тақырыбында көпшілікпен жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, бабалардан қалған аманат, тәу етер қасиет киеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Артқа