Ұлы даланың ұлы өркениеттері

Кітапхананың мерзімді басылымдар секторында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлы дала өркениетінің, көшпелі өмір салтының өмірін айқындайтын қолөнерге, тарихи ескерткіштерге қатысты әдебиеттер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, фотоматериалдар құралған «Мәңгілік ел – Қазақстан» фотоальбомы, «Великий шелковый путь», «Қазақ халқының қолөнері», «Түркістан», «Сыр ескерткіштері», «Отырар алқабындағы қасиетті ескерткіштер», «Тастағы Тараз тарихы», «Қазақтың зергерлік бұйымдары» т.б. кітаптар қойылып, кітапханамыздың оқырмандарына қазақ халқының мәдени жетістіктері туралы ақпарат беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер, сәндік-қолданбалы өнер, үй жиһазы және әшекей бұйымдарды өңдеу, жасау жолдары мен түрлері жайында жазылған кітаптармен таныстырылды.

«Артқа