Әдеби автобус

Қаламыздың №27 қалаішілік автобусында кітапханамыздың құрылғанына 45 жыл толуына орай, оқырмандарды рухани қазына кітапты оқуға баулу мақсатында «Әдеби автобус» ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, әнші-сазгер Нышан Төлегеновтің ақ батасымен бастау алып, қала қонақтарымен жолаушыларға Шәмші әндерінен шашу шашты.

Кітапхана қонағы доцент, Phd докторы Н.Жұматаев жолаушыларды кітап оқуға шақырса, Ұлы тұлға А.Құнанбайұлының бейнесін сомдаған Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Еркін Шымырқұлов Абайдың шығармашылығынан үзінділер оқып, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мәдениет және өнер» факультетінің студенті Мардан Сапарбайұлы ұлы ақынның «Қара сөздерінен» әдеби композиция ұсынды.

Шара барысында №24 IT лицейінің оқушылары Айтмырза Балжан, Айтмырза Ердәулет Болатұлы, Төрехан Қыдырәлі саксафон, домбыра, баянда өз өнерлерін көпшілікке ұсынып, қала тұрғындарымен жолаушылардың ризашылығына бөленді.

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған жыл кітаптары, өлкеміздің ақын жазушыларының шығармалары, отандық және шетелдік классиктердің шығармалары туралы әдеби викториналық сұрақтар қойылып, белсенді жолаушыларға кітапхана атынан сыйлықтар ұсынылды.

Осы орайда, бізге мерекелі де берекелі әдеби автобусты ұйымдастырып, жолаушылармен қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берген «ТТК»ЖШС-нің директоры М.С.Пирназаровқа алғысымызды білдіреміз.

«Артқа