Әжемнің ертегісі

«Әжемнің ертегісі». «Жазғы оқу бағдарламасы» аясында кітапханалық лагерь өз жұмысын жалғастырды. Кітапхана қызметкері У. Бексейітова кітапханамызға қонақ болып келген №95 «Алтын дән» бала-бақша бүлдіршіндеріне балалар жазушысы Жібек Зинелованың «Дәрігер ара», «Ормандағы той», «Шарасыз тасбақа», «Түрлі түсті қар», «Кішкентай кенгуру», «Цирктегі қызықтар» атты қызықты оқиғаларға бай ертегілерін оқып берді. Ерекше ынтамен тыңдаған балалар ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтар қойып, көңілдеріне қонымды жауаптар алды. Сонымен қатар, «Кітап патшалығының сыйлығы» атты ойын ойнатылып, қатысқан барлық бүлдіршіндерге түрлі-түсті боямақ кітапшалары сыйлыққа берілді. Қазақ ертегісі желісінде түсірілген «Тоқты мен теке» мультфильмін қызыға тамашалады.

«Артқа