Әйел – отбасы шырағы, білікті басшы

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша «Парасат жолы» орталығында «Әйел – отбасы шырағы, білікті басшы» сыр-сұхбат өтті. Кеш қонағы айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан облыстық Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры Есжанова Маржан Бегежанқызы болды.

Шара барысында ZOOM бағдарламасы арқылы ф.ғ.к., Анар Жаппарқұлова, айтыскер ақын Бекарыс Шойбек, жас айтыскер ақын Нұрғали Әнәпия байланысып, кеш қонағымен қызықты естеліктермен бөлісті.

Әлеуметтік желі арқылы сұрақ жаудырған оқырмандарға жауап беріп, оңды пікірлер мен ыстық лебіздердің кейіпкеріне айналды. Кітапхана директоры Зәкира Парымбекова аяулы жар, мейрімді ана, білікті басшы Маржан Есжанованы мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Артқа