Әлемдік ойдың алыптары

Ғұлама-ойшыл Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әлемдік ойдың алыптары» атты кітап көрмесінің тұсауы кесілді.

Іс-шараны Шымкент қалалық мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мамытұлы Мыңбаев, Қазақстанның Құрметті Журналисі Байдулла Қонысбек, Мәдениет қайраткері, Түркістан облыстық спорт, ақпарат және мәдениет кәсіподақтар ұйымының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек ащып, кітап көрмесінің тұсауын кесті.

Кеш барысында ғалым, фарабитанушы Ақжан әл-Машанидің «Әбудің алғаш медрессе табалдырығын аттауы», «Абай мен Михаэлистің жолыққан сәті» туралы тақырыбында театраландырылған қойылым көрсетілді.

Кітапхана жанынан ашылған «Сырлы сөз» әдеби үйірме мүшелері Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының шығармаларынан әдеби композиция ұсынды. Кітапханашы Елекеева Құндызай көркемделген кітап көрмесіне шолу жасап, Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының даналық тағылымға бай мұрасымен таныстырды.

«Артқа