Әлем таныған Әуезов

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мәдениет және спорт» факультеті «Театр және эстрадалық» шығармашылық кафедрасының, ОҚМПУ-нің студенттері арасында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірімен, шығармашылығымен, «Абай жолы» роман – эпопеясымен таныстыру, студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында жазушы, қазақ әдебиетінің классигі – Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында пікірталас сайысы өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мәдениет және спорт» факультеті «Театр және эстрадалық» шығармашылық кафедрасының, ОҚМПУ студенттері қатысты. Кеш барысында «Дәуірдің дара тұлғасы» бейнеролик көрсетіліп, «Мұхтардың Абайды тануына не себеп болды?» пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, «Көксерек» – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма әдеби талқылау ұйымдастырылды. Іс-шара соңында ОҚМПУ-нің 1-курс студенті Темірханов Бақнұр көпшілікке «Адай», «Көңіл толқыны» күйлерін орындап берді.

«Артқа