Әлихан Бөкейханов – ұлт көсемі

Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов – ұлт көсемі» еске алу кешіне «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің «Тоқыма операторы» тобының студенттері қатысты. Кітапхана қызметкері Қ.Елекеева Алаш көсемінің өмірі мен еңбек жолдары, атқарған қызметі туралы баяндап мазмұнды ақпараттандырды.

Оқырмандар «Әлихан Бөкейханов-тарихи тұлға» деректі фильмі арқылы, ұлт көсемінің халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист болғаны туралы деректермен, құнды кітаптарымен танысты.

Колледж жастары Б.Балғабек, А.Анарбай, Р.Ибадулла, М.Намазбайдың орындауында «Әлиханы Алаштың», кітапханашылар Э.Туребекова, Р.Сейдалиева, А.Оразымбетовтің орындауында «Алаштың асылдары» әдеби композиция ұсынды.

Іс-шараға қатысушылар көркемделген кітап көрмесіне қойылған, мәңгілік мұра болып қалған туындыларымен таныстырылды.

«Артқа