Әселхан әлемі

Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың 70 жасқа толуына орай «Әселхан әлемі» поэзия сағаты өтті.

Ақтаңгер ақын Әселхан Қалыбекова – өзінің саналы ғұмырын киелі айтыс өнеріне арнап келе жатқан дара тұлға. Оқырмандарға сүйегіне сөз сіңген, ақындық өнері бабалар жолымен жалғасқан, ананың сүтімен дарыған, Фараби атап көрсеткен алғашқы топтағы тумысынан ақпа-төкпе ақын, ағыл-тегіл дарын Әселхан Әлшеріқызы жайында тың мағлұматтар берілді. Ақынның өлеңдері оқылып, поэзия әлемінен жыр шашылды.

«Әселхан әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, библиографиялық көрсеткіш таныстырылды.

«Артқа