Өлеңім – өмір серігім

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық Түркі поэзиясы мүшәйрасының лауреаты сөздің парқын да, нарқын да түйсінетін қалың жұрты бүгінде «Ақмаржан жыр» деп еркелете атайтын ақын қызы Баян Бекетованың 60 жасқа толуына орай «Өлеңім – өмір серігім» атты поэзия кеші өтіп, ақынның шығармашылық әлеміне саяхаттап, әдеби сазды кештің куәсі болдық. Кешке М.Тасова атындағы №12 мектеп-интернаты мен В.Терешкова атындағы №31 мектептің оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқып көпшілікті тәнті етті. М.Жаңбыров Б.Бекетованың «Құс қанатындағы хат» әнін саксофонның сүйемелдеуімен орындап, әсем әуенге бөледі.

«Артқа