«Өлең өткелдері», «Іздеген жетер мұратқа»

Кітапханамызда «Өлең сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігі ақындарының өлеңдері енгізілген «Өлең өткелдері» атты өлең жинағы мен сазгер, әнші, қазақ авторлар қоғамының мүшесі Р.Есенгелдиеваның «Іздеген жетер мұратқа» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Тұсау кесу рәсімі ақын Д.Танабай, айтыскер-ақын Б.Оразымбет және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі О.Алтынбекке бұйырды. Кешке қаламгер-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен «Өлең сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің жас ақындары қатысты. Кітапхана қызметкерлері ұсынылып отырған жыр жинаққа қолына қалам ұстап, өмірді жаңаша жырлауға бет алған жас талапкерлерден бастап, белгілі қаламгерлердің шығармалары енген жырлары кітапхана оқырмандарының жүрегінен орын алатынына сенімдіміз деген ізгі тілектерін жеткізді. Өнер мен өлеңді ұштастырып, қазақ мәдениетінің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан кеш қонақтары кітапханашыларға алғысын айтып, кітаптарын сыйға тартты.

«Артқа