Өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі ақын

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің мерейлі 85 жылдығына «Өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі ақын» әдеби кеш өтті. Кітапхананың белсенді оқырмандары қаламгердің туындыларын саралап, өлеңіне жазылған әндерді шырқады. SILKWAY Халықаралық университетінің белсенді жастары, №10, 19 орта мектеп оқушылары ақыннның лирикалық сарындағы өлеңдерінен әдеби композициялық қойылым ұсынды. Жазушының қолынан шыққан поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер, әдеби сын, аудармалар туралы мағлұматтар берілді.

Қаламгердің шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман-ай», «Алмас жерде қалмас» т.б. кітаптарына шолу жасалды. Оқырмандар Қадыр Мырза Әлінің өмір жолы жайындағы тың мәліметтермен, мәңгілік мұра болып қалған туындыларымен таныстырылды.

«Артқа