Өнерім – жан серігім

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент цирк ұжымымен бірлескен «Өнерім – жан серігім» атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында өнер майталмандары кітапхана оқырмандарына өз өнерлерін көрсетіп, таланттарымен таңырқатты. Шымкент цирктің бас режиссері Асқар Алихан бастаған, цирктің ардагерлері Раушан Исаков, Гүлжахан Ниязова апаларымыз өнер жолындағы естеліктерімен бөлісіп, өскелең ұрпақтың өнерге деген қызығушылықтарын оятты. Өнер ордасының шығармашылық дамыту бөлімінің меңгерушісі Ізтілеуов Құрманғазы кешті тізгіндеп, өз қызметтерін насихаттап, жастардың болашағына сәттілік тіледі. Бауыржан Бекберген ұлы Ерасылмен әсерлі қойылым көрсетсе, Ілияс Рахманқұлов, Бағлан Ережепов, Арман Кәміләлі, Элик Алдабергенов алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерімен кездесу кешінің көркін ашты. Кітапхана ұжымы рухани өнегелі кештің қонақтарын алғысын білдіріп, әуезді әнмен кездесу кешін қорытындылады.

«Артқа