Өрімдей қыздың өршіл рухы

Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай №35 М.Мамедова атындағы жалпы орта мектебімен бірлесе «Өрімдей қыздың өршіл рухы» атты дөңгелек үстел өтті. Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған пулеметші Мәншүк Жиенғалиқызы жайында «Біздің Мәншүк» атты тарихи деректер негізінде құралған мәліметтер айтылып, толық мағлұмат берілді. Оқушылар «Батыр қыз», «Мәншүк» атты патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқып, өзара пікір алмасып, «Білгенің жөн…» атты викториналық сұрақтарға жауап берді.

«Артқа