Өшпес ерлікке мәңгі тағзым

Биыл қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен көзге түсіп, жау әскерін жермен-жексен еткен қазақ қызы туралы кітапхана ұжымы «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» онлайн ерлік сабағын өткізді.

«Кеңес Одағының батыры» атағы берілмесе де, «батыр» атағына ие болғандардан еш кем ерлік көрсетпегендігі туралы, тек еліміз азаттық алғаннан кейін ғана Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілгендігі жайында кеңінен айтып өтті. Қазақтың «қанатты қызы» 2008 жылы 86 жасында дүниеден озды.

«Артқа