Ақиқатты іздеу

«Бағалау мен қадірлеудің биік шыңы, қайнар бұлағы – түсінік, түсіну, түсінісу».

Тұйғынбек Әлжігіт


Бүгін «Жүректен қозғайық» айдары аясында, фармацевт, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Тұйғынбек Әлжігітпен «Ақиқатты іздеу» атты сүбелі онлайн-сұхбат өткізілді.

Сұхбат барысында қаламгер «Ақиқатты іздеу» кітабы туралы, ондағы жаратылыс,тіршілік, өмір, адами болмыс туралы ой-толғамдарын саралады. Кезінде Арыс қаласында «ТАЙМА» республикалық тәуелсіз газеті мен «ТАЙМА» жеке спорт клубы, ТАЙМА медицина орталығы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы кезіндегі елдік істерімен ой бөлісті.

Қаламгер қоғам дамуына түрткі болар, сананы сілкіндірер «ұлттық рух», адам болмысындағы рух тазалығы, қасиеттілігі тұрғысында құнарлы ой қозғап, «Рух биіктігі сенім күштілігінде» деген ой-тұжырымын ұсынды. Қазіргі рухани ізденісімен де ой бөлісіп, оқырмандар тарапынан қойылған денсаулық тұрғысындағы сұрақтарға тұщымды жауап берді.

Қаламгер жастарды білім жолында терең ізденіске, айналысып жүрген өз кәсіптерінің биік шыңына жетіп, шебер маманы болуға шақырған тағылымды ойымен ерекше серпін сыйлады.

Сұхбат соңында, Тұйғынбек Мәуленұлы кітапхана директоры Раушан Бабажанқызына «Ақиқатты іздеу» кітабын сыйға тартты.

«Артқа