Ақпа жырдың Ақ-Бөрісі

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Көк Бөрі» ақын-сазгерлер шығармашылық бірлестігінің төрағасы, бірнеше халықаралық айтыс өнерінің жеңімпазы, ақын – Бөрібай Оразымбеттің 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті.

Кешті Бөрі ағаның шәкірттері Халықаралық «Көк Бөрі» және Республикалық «Өлең-сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің белді мүшелері ақын – Аманжол Мақажанов және Эльмира Сарсенбайқызы жүргізді.

Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов, Мейіржан Жақыпов және Семейлік ақын Аманжол Мақажанов Бөрі ақынға арнау айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Қырғызстан Республикасынын ақын-жазушыларын бастап келген Қырғызстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан-Қырғызстан алтын көпірінің жетекшісі Марсгүл Абылова арнау тілегін айтып, қырғыз жырларынан шашу шашты.

Халықаралық Жазушылар Одағының төрағасы академик Әбен Нұрмановтың Бөрібай Оразымбетке жолдаған құттықтау тілегін жеткізіп, «Бейбітшілік әлемі» творчестволық бірлестігінің «Абылайхан» медалін табыстады.

«Артқа