Бердібек Соқпақбаевтың дара әлемі

«Өтірік айтуға арым бармайды. Ал шындықты айтсаң, ешкім баспайды… Егер жазар болсам, Кеңес өкіметінің құрылуын адамзат тарихының үлкен қатесі ретінде көрсетер едім».

Бердібек Соқпақбаев


Бүгін Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының 2024 жылғы жыл кітабы болып таңдалған, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін ірі суреткер, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы «Бердібек Соқпақбаевтың дара әлемі» әдеби кеші өткізілді.

Кітапхана басшысы Р.Бабажанқызының құттықтауымен ашылған кеште жазушы З.Қыстаубай, журналист Ә.Әліп, ф.ғ.к. А.Қалшабек, ф.ғ.к. Б.Қалыбеков сынды әдебиетші ғалымдар да талантты жазушы шығармалары бойынша жүрекжарды толғанысты ойларымен бөлісті.

Дара таланттың, әсіресе, «Менің атым Қожа» хикаятындағы қызықты көркемдік детальдарына тоқталып, Б.Соқпақбаевтың қай шығармасы болмасын өмірдің қан сорғалаған шындығы, кейіпкерлер тағдырымен қатар өріліп, үлкен көркемдік қорытындылар түзіліп жататыны таразыланды.

«Артқа